
Ұлттық музейде «Тарихы терең, болашағы жарқын – Егемен Қазақстан» атты тәрбие сағаты өтті

2026-2027 оқу жылының педагогикалық іс-тәжірибесі аясында Тарих факультеті, Археология және этнология кафедрасының «8D02208 Археология және этнология» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс докторанттары Ботбайбекова Салтанат Кәрібайқызы мен Ақжасарова Айнұр Қонысбекқызы (ДАЭ-21 тобы) «АЭ-41» тобының студенттерімен бірге мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Республика күніне орай өткізілген «Тарихы терең, болашағы жарқын – Егемен Қазақстан» атты тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтті.
Тәрбие сағаты барысында студенттер еліміздің ежелгі дәуірден бүгінгі заманға дейінгі бай тарихымен музейдің құнды жәдігерлері арқылы жақынырақ танысты. Докторанттар теориялық білімді музей экспозицияларымен ұштастыра отырып, студенттерге еліміздің тарихи-мәдени мұрасын, мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңдерін кеңінен түсіндірді.

Мұндай көшпелі форматы бар іс-шаралар студенттердің отан сүйгіштік сезімін арттырып, тарихи танымын тереңдетуде және болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауда маңызды рөл атқарады.

