
Салыстырмалы саясаттану пәні бойынша ашық дәріс

2026 жылдың 23 қазанында сағат 13:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-ші оқу ғимаратының 319-шы аудиториясында Халықаралық қатынастар факультетінің саясаттану кафедрасының саясаттану мамандығы бойынша оқитын екінші курс магистранты (7M03106) Жаслан Таужанұлы Ликеров өзінің оқытушылық тәжірибесі аясында саясаттану мамандығы бойынша оқитын үшінші курс студенттеріне (6B03106) «Қазіргі әлемдегі демократиялық режимдер: теория және тәжірибе» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Оның жетекшісі саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Марина Юрьевна Онучко болды.
Дәріс барысында демократиялық саяси режимдердің теориялық негіздері, негізгі белгілері мен түрлері, демократиялық институттардың қызмет ету ерекшеліктері қарастырылды. Сайлау, саяси плюрализм, биліктің бөлінуі, құқық үстемдігі және азаматтардың саяси қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қазіргі демократиялардың дамуындағы негізгі үрдістер мен сын-қатерлер салыстырмалы тұрғыдан талқыланды.
Ашық дәріс білім алушылардың демократиялық басқару үлгілері туралы түсінігін тереңдетуге, саяси жүйелерді салыстырмалы талдау дағдыларын дамытуға және теориялық білімді қазіргі саяси тәжірибемен байланыстыруға ықпал етті.
