
«Қазақ тілі» клубы жұмысының жаңа маусымы ашылады

2026 жылы 5 қарашада сағат 11:00-де университеттің бас ғимаратында орналасқан 334-аудиторияда «Қазақ тілі» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Іс-шараны практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушылары С.Қ. Бердібаев және Д.С. Ілясова ұйымдастырады. Кездесу барысында клубтың негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері таныстырылады.
Іс-шараға қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытатын шетелдік 1-курс студенттері қатысады. Клуб олардың қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауына, күнделікті өмірде тілдік білімдерін қолдануына және университеттің мәдени-академиялық ортасына бейімделуіне қолдау көрсетеді.
Кездесу барысында студенттер клубтың қызметімен танысып, қазақ тілін үйрену мүмкіндіктері туралы ақпарат алады және алдағы уақытта клуб аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар жөнінде мәліметтен хабардар болады
