
Шетелдік профессордың қатысуымен «Ғылыми мақала жариялау: қолжазбадан мақалаға дейінгі жол» атты ғылыми семинар өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінде Гуджрат университетінің БАҚ және коммуникацияларды зерттеу орталығының шақырылған қауымдастырылған профессоры, PhD Мухаммад Юсафтың қатысуымен «Ғылыми мақала жариялау: қолжазбадан мақалаға дейінгі жол» атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ғылыми зерттеудің көкейкесті тақырыбын таңдау, академиологиялық мәтінді жазу кезеңдері, зерттеу нәтижелерін жүйелі түрде ұсыну, мақала құрылымын қалыптастыру және халықаралық рецензияланатын басылымдардың талаптарына сәйкес рәсімдеу мәселелері кешенді түрде қарастырылды. Сондай-ақ қатысушыларға зерттеу бағытына сәйкес ғылыми журналдарды сұрыптау, академиялық адалдық пен этика қағидаттарын сақтау, сондай-ақ ғылыми жарияланымдардың сапалық және сандық көрсеткіштерін арттыру стратегиялары жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді. Бұл семинар білім алушылардың академиялық жазылым дағдыларын жетілдіруге және зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми кеңістікте тиімді орнықтыру механизмдерін меңгеруіне ықпал етті.
Қазіргі кәсіби бәсекелестік жағдайында ғылыми мақалаларды жариялау тек зерттеу нәтижелерін апробациялау құралы ғана емес, сонымен бірге ғалымның кәсіби дамуы мен оның отандық және әлемдік ғылымға қосқан үлесінің негізгі индикаторы болып табылады. Осыған байланысты академиялық ортада ғылыми жарияланымдар мәдениетін жүйелі түрде қалыптастыру университет қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.
