
Әрбір әуе рейсінің артында логистикалық шешімдердің тұтас тізбегі жатыр. Бағыт қалай жоспарланады? Тасымалды кім үйлестіреді? Қазақстанның халықаралық байланыстарында авиация қандай рөл атқарады?

22 қазанда «Логистика» білім беру бағдарламасының орыс тілінде білім алатын 4-курс студенттері «Халықаралық тасымал логистикасы» пәні аясында өткен қонақ дәрісінде осы сұрақтарды талқылады.
Студенттермен өз тәжірибесімен «KAZLOGISTICS» одағының бас директорының кеңесшісі, авиация саласында көп жылдық еңбек өтілі бар сарапшы Марат Манапұлы Дәуталиев бөлісті. «Қазақстанның авиациялық логистикасы: халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру» тақырыбындағы дәріс барысында ол саланың ерекшеліктері туралы айтып, практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуді «Халықаралық тасымал логистикасы» пәнінің оқытушысы Альбина Салауатқызы Ермұханова ұйымдастырды. Кездесу соңында кафедра профессоры Мұратбек Ілиясұлы деканның атынан қонаққа алғыс хат табыстады.
Кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, ықпал еткені үшін «KAZLOGISTICS» одағының бас директоры Талғат Туяқұлы Лесовқа ерекше алғыс білдіреміз.
Марат Манапұлы, ашық әңгімеңіз, кәсіби біліміңізбен бөліскеніңіз және авиациялық логистикаға тәжірибелі маманның көзімен қарауға мүмкіндік бергеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз!
