
«Суды үнемде – болашақты сақта»: ЕҰУ студенттерінің Есіл бассейндік су инспекциясының мамандарымен кездесуі

30 қараша 2026 жылы Л.Н. Гумилеватындағы Еуразия Ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институтында «6В05208 – Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік су инспекциясының бас мамандары Эльмира Пазлиева және Әлия Кабыловамен кездесу ұйымдастырылды. Мамандар студенттерге «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ақпараттық – үгіт – насихат жұмысын жүргізді және қазіргі уақытта елімізде суды үнемдеу бойынша жүргізіліп жатқаннақты шараларға тоқталды. Кездесу барысында білім алушылар мамандарға өздерін кызықтырған сұрақтарын қойып, суды үнемдеу бойынша өзойларымен де бөлісті.
