
ЕҰУ ғалымы Түркиядағы Чанаккале Онсекиз Март университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

2026 жылғы 26 қазан – 3 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Диана Мұратқызы Акижанова Түркия Республикасындағы Чанаккале Онсекиз Март университетінде (Çanakkale Onsekiz Mart University, ÇOMÜ) халықаралық академиялық және ғылыми ұтқырлық бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми сапар AP23490448 «Қазақ онимдерінің ағылшын тілді мәтіндердегі бірізділігі: аударматанымдық зерттеу» атты ғылыми жоба аясында жүзеге асырылды.
Тағылымдама барысында лингвистика, аударматану және ономастика бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелдік әріптестермен академиялық кездесулер мен ғылыми семинарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақ жалқы есімдерін ағылшын тіліне аудару, олардың транслитерациясы мен стандартталуы мәселелері бойынша дәрістер оқылып, ғылыми пікір алмасулар өткізілді.
Ғылыми тағылымдама аясында Чанаккале Онсекиз Март университетінің профессоры Күршат Джесурмен (Assoc. Prof. Dr. Kürşat Cesur) ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және халықаралық ғылыми жарияланымдар дайындау мүмкіндіктері талқыланды.
Аталған академиялық ұтқырлық ЕҰУ-дың халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және қазақстандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістіктегі танымалдылығын арттыруға бағытталған.
