
Саясаттану кафедрасында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі интеграциялық процестер бойынша ашық сабақ өтті

2026 жылғы 2 қарашада «Саясаттану» білім беру бағдарламасының екінші курс докторанты Р. Досмадьяров магистранттарға «Әлемдік саясаттағы интеграциялық процестер» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Іс-шара педагогикалық практика аясында Microsoft Teams платформасында қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылды. Сабаққа саяси ғылымдар кандидаты, саясаттану кафедрасының профессоры Е.Л. Нечаева қатысты.
Талқылау барысында Азия-Тынық мұхиты аймағындағы интеграцияның қазіргі үрдістері, АСЕАН-ның өңірлік ынтымақтастықтағы рөлі, сауда-экономикалық бірлестіктердің дамуы және Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысу перспективалары қарастырылды. Сонымен қатар, Орта дәліздің транзиттік әлеуеті, «Қорғас» құрғақ портының дамуы, сондай-ақ мемлекеттердің ШЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талданды.
Пікірталас барысында магистранттар өңірлік интеграцияның негізгі сын-қатерлерін, соның ішінде экономикалық қайшылықтарды, аумақтық дауларды және АҚШ пен Қытай арасындағы геосаяси бәсекелестіктің күшеюін талдады. Сабақтың практикалық бөлімі халықаралық ынтымақтастық сценарийлерін модельдеуге және әлемдік саяси жүйенің трансформациясы жағдайындағы мемлекеттердің стратегияларын бағалауға арналды.
