
ЕҰУ-де Әлихан Бөкейхан мен Зұқа батырдың 160 жылдығына арналған халықаралық ғылыми семинар өтті

2026 жылдың 6-қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алтын Орда өркениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан мен Зұқа батыр Сәбитұлының туғанына 160 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми семинар өтті.

Ғылыми жиынды кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы ашып, қос тарихи тұлғаның қазақ халқының азаттығы мен ұлттық санасының қалыптасуындағы тарихи маңызына тоқталды.

Семинар аясында жазушы Үзбен Құрманбайұлы, қоғам қайраткерлері Арыстан Шәдетұлы, Қайрат Айдарханұлы, Өмірхан Алтын, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкен және Қызырхан Шолпанның қатысуымен тарихи тұлғалардың мұрасы, ұлттық бірегейлік, тарихи жады және қазақ халқының рухани құндылықтары төңірегінде пікір алмасу өтті.
Ғылыми жиын соңында «Қаракөпір» және «Қорған» кітаптарының таныстырылымы мен тұсаукесері ұйымдастырылды. Семинар тарихи мұраны дәріптеу мен ұлттық тарихты ғылыми тұрғыдан зерделеудің маңызын айқындаған мазмұнды басқосу болды.
