
«Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының студенттеріне химиялық кинетика бойынша ашық зертханалық сабақ

2026 жылғы 5 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасында х.ғ.к., аға оқытушы К.Ж. Базарбаева «Химия» пәні бойынша «Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді. Сабаққа «6B07117 – Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 2-курс студенттері қатысты.
Сабақ барысында студенттер тәжірибелер жүргізіп, әрекеттесуші заттардың түрлі концентрацияларында химиялық реакция жылдамдығының өзгерісін бақылады, алынған нәтижелерді тіркеп, бастапқы заттар концентрациясының реакция жылдамдығына әсерін талдады. Химиялық тәжірибе жүргізу дағдыларын қалыптастыруға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға және тәжірибелік деректерді өңдеуге ерекше назар аударылды.
Зертханалық жұмыстың қорытындысы бойынша студенттер химиялық кинетикадан теориялық білімдерін бекітіп, химиялық реакциялар жылдамдығының әрекеттесуші заттар концентрациясына тәуелділігін зерттеудің практикалық әдістерін меңгерді. Сабақ болашақ жылуэнергетика мамандарының зерттеушілік және талдау дағдыларын, кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті, алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізілді.
