
ЕҰУ-де технопаркті дамыту және халықаралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Басқарма Төрағасы - ректор Ерлан Сыдықов пен RI Instruments and Innovation India компаниясының негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Раджендра Прасад Джоши (Rajendra Prasad Joshi) арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыптары университет технопаркін дамыту, оны заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру перспективалары болды.
Тараптар зертханалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, озық технологияларды енгізуге және қолданбалы зерттеулер жүргізуге жағдай жасауға ерекше назар аударды.
Кездесуге сондай-ақ Басқарма мүшесі - Физика-техникалық ғылымдар институтының директоры Ерік Нұрмолдин және ЕҰУ физика-техникалық ғылымдар институттың профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысында тараптар университеттің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға және халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
