
«Мемлекеттік аудит» БББ докторанты студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және кәсіби әдеп тақырыптарында кеңес беру сабағын өткізді

2026 жылғы 7 қараша күні «8D04121-Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Наурызбаев Данияр Ержанұлы педагогикалық практика шеңберінде «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іc-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Кәсіби ортадағы адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтар» тақырыптары бойынша кураторлық сағат өткізді.
Докторанттың педагогикалық практика бойынша жетекшісі философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Серікова Мадина Аманғалиқызы.
Сабақ барысында студенттерге Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, сыбайлас жемқорлық түсінігі, онымен байланысты құқық бұзушылықтар мен жауапкершілік туралы айтылды, отандық статистика мен халықаралық рейтингтерге шолу жасалды. Сонымен қатар мемлекеттік аудитордың және мемлекеттік қызметкердің кәсіби қызметі мен әдебіне қатысты ережелер талқыланды. Сабақ барысында презентация арқылы түсіндіру әдісі қолданылды.
