
Ғылыми-зерттеу тағылымдамасы аясында шетелдік ғылыми консультантпен онлайн-кездесу өткізілді

«Мемлекеттік аудит» 8D04121 білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Алма Сартайқызы Бекболсынованың ғылыми-зерттеу тағылымдамасының бекітілген бағдарламасына сәйкес шетелдік ғылыми жетекшімен – Витаутас Магнус университетінің (Литва Республикасы, Каунас қаласы) PhD докторы Даля Ючененемен онлайн-кездесу өткізілді.
Кездесуге докторанттың отандық ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Мықтыбекқызы Сембиева қатысты.
Кездесу барысында ғылыми-зерттеу тағылымдамасы бағдарламасын іске асыруға байланысты негізгі ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік мәселелер қаралды, оның ішінде:
тағылымдама бағдарламасының мазмұны, негізгі кезеңдері мен күтілетін нәтижелері, сондай-ақ жоспарланған іс-шаралардың диссертациялық зерттеу мақсаттарына сәйкестігі талқыланды;
бағдарламада көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, басым бағыттарды айқындау және оларды іске асырудың жүйелілігі бойынша консультациялар берілді;
Қазақстан Республикасындағы салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру тақырыбындағы диссертациялық зерттеуді жүргізудің өзекті мәселелері қаралды;
зерттеудің ғылыми-әдіснамалық тәсілдері, мемлекеттік процестерді цифрландыру саласындағы шетелдік тәжірибе мен халықаралық практиканы пайдалану мүмкіндіктері талқыланды;
зерттеу тақырыбын терең зерделеу үшін қажетті ғылыми әдебиеттерді, нормативтік-құқықтық дереккөздерді және эмпирикалық деректерді іздеу, жүйелеу және талдау бойынша ұсынымдар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша шетелдік ғылыми жетекші ғылыми-зерттеу жұмысын одан әрі ұйымдастыру, зерттеу әдіснамасын жетілдіру және алынатын нәтижелердің ғылыми негізділігін арттыру жөнінде ұсынымдар мен практикалық ұсыныстар берді.
Өткізілген кездесу алдағы ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарын нақтылауға, тағылымдама бағдарламасын іске асыру тәсілдерін келісуге, сондай-ақ докторанттың отандық және шетелдік ғылыми жетекшілерімен ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.
