
2026 жылғы 5 қарашада «Management Day» бастамасы аясында Жоғары экономика және туризм мектебінің Жастар орталығының қолдауымен «Бизнесті басқарудың заманауи тәсілдері» тақырыбында Тамерлан Рахметжановтың қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
SMART.ENU
09.11.2026 11

Іс-шараны МН-32 тобының студенттері Тутинова Дана мен Шабаева Дана ұйымдастырды.
Дәріс барысында бизнесті басқарудың заманауи тәсілдері, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау, кәсіпкерлік ойлауды дамыту және өзгермелі ортаға бейімделу мәселелері қарастырылды. Студенттер тәжірибелік мысалдармен танысып, спикермен пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара студенттердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ университет пен бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
