
«Менеджмент» кафедрасында Мерей Әділбекұлының докторлық диссертациясы талқыланды
2026 жылғы 6 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Мерей Әділбекұлының «8D04117 – Инновациялық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қазақстанның электр энергетикасындағы технологиялық процестерді басқару» тақырыбындағы диссертациясы талқыланды.
Отандық ғылыми консультант - Курманов Нурлан Айдилдаевич, докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Менеджмент» кафедрасының профессоры. Шетелдік ғылыми консультант - Вей Фенг (Wei Feng), философия докторы (PhD), профессор (Қытай Халық Республикасы).
Отырыс барысында докторант Қазақстанның энергия өндіруші кәсіпорындарының технологиялық дамуын инновациялық басқаруды жетілдіруге арналған зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелерін таныстырды. Инновациялық басқарудың жетілу деңгейін бағалаудың авторлық әдістемесіне, электр станцияларының әртүрлі типтеріне арналған ұсынымдарға және ұсынылған модельдің Өскемен су электр станциясында практикалық қолданылуына ерекше назар аударылды.
Диссертацияға экономика ғылымдарының кандидаты, «Менеджмент» кафедрасының профессоры К.К. Байгабулова, философия докторы (PhD), «Туризм және қонақжайлылық» кафедрасының өкілі А.Б. Амерханова, сондай-ақ философия докторы (PhD), профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Энергетика мектебінің деканы А.М. Акаев рецензия берді.
Отырысқа қатысушылар зерттеу тақырыбының өзектілігін, алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын оң бағалады. Докторант қойылған сұрақтарға жауап беріп, рецензенттердің ескертулері бойынша түсініктеме ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша Мерей Әділбекұлының диссертациялық жұмысы оң бағаланып, философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылды.
