
ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ Е.А. ӘБІЛДІҢ АШЫҚ ДӘРІСІНЕ ҚАТЫСУ

2026 жылдың 6-қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің И-22 тобының студенттері топ кураторы Жазира Оралбековна Хасеновамен бірге Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Еркін Аманжолұлы Әбілдің ашық дәрісіне қатысты. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихы: мәселелер, жетістіктер және үрдістер» атты дәріс Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35-жылдығына арналған дәрістер топтамасы аясында оқылды.

Студенттер көптеген құнды мағлұматтарға қанықты: қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің қалай қалыптасқаны, қандай қиындықтарды еңсеруге тура келгені, жылдар ішінде қандай жетістіктерге қол жеткізілгені және қазіргі қоғам дамуына қатысты қандай мәселелердің бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағаны туралы білді. Тарих мамандығың менгеріп жүрген И-22 тобының студенттері дәріске белсенді қатысып, профессор Е.А. Әбілдің баяндама-презентациясындағы статистикалық деректерді талдады және лекторға сұрақтар қойды.
Жалпы, Е.А. Әбілдің ашық дәрісін ұйымдастырғаны үшін университет әкімшілігіне, сондай-ақ Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына зор алғысымызды айтамыз. Мұндай кездесулер болашақ тарихшылар үшін өте пайдалы, қоғамдық даму процестерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
