
Тарих факультетінде «Ашық есік күні» өтті

2026 жылғы 6 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінде мектеп бітіруші түлектер мен талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараның мақсаты – талапкерлерге факультеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтары және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, болашақ кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу.

Кездесу барысында факультет кафедраларының қызметі, ғылыми бағыттары мен білім беру бағдарламалары жөнінде мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар университет музейіне экскурсия жасап, кәсіби бағдар беру жұмысына қатысты ақпарат алды.
Бағдарлама аясында студенттер университеттегі қоғамдық-мәдени өмір мен студенттік мүмкіндіктерді таныстырып, шығармашылық өнерлерін көрсетті.
Ашық есік күні талапкерлер үшін ақпараттық-танымдық сипаттағы мазмұнды кездесу алаңына айналды.

