
Американдық профессор Казием Р.Вуудберу «Әртекті қауымдастықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту» тақырыбында дәріс оқыды
2023 жылдың 15 қарашасында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультетінеде «Халықаралық қатынастар» БББ бойынша білім алушы студенттер мен магистранттар американдық профессордың дәрісін тыңдады. The Partnership for Southern Equity қорының Just Solutions департаментінің директоры, доктор Казием Р.Вуудберу «Әртекті қауымдастықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайту» тақырыбында дәріс оқыды. Әртүрлі этникалық топтар мен діни конфессиялардан құралған АҚШ-тың әлі де болса толыққанды әділетті әрі тең құқылы қоғам құру жолында екенін айта келе, сол бағытта жасалып жатқан шаралармен және жобалармен таныстырып өтті. Соның ішінде АҚШ-та бизнес жасау бойынша әлі де болса нәсілшілдіктің кездесетіндігін атай келе, американдық азаматтық қоғамның бұл өзекті мәселелермен қалай күресіп жатқанын кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар, профессор қалалық инфрақұрылымдарды жетілдіруде қоғамның барлық тараптарының мүдделерін ескеру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Нақты кейстерді талдап көрсетті.
Өз кезегінде кездесуге қатысушы студенттер мен магистранттар Қазақстан Республикасының этникалық саясатының ерекшеліктерін айта келе, әділетті қоғам құрудағы еліміздің жүргізіп отырған ішкі саясатының басымдықтарын баяндады. Дәріс соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
Аталмыш шара «АР14870606 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын өзгермелі геосаяси жағдайлар контекстінде зерттеу» ғылыми жобасы бойынша жұмыс жасап жатқан зерттеу тобының ұйымдастыруымен өтті.
