
ЕҰУ студенті Адина Уйсунбаева Силезия технологиялық университетінде өткен Польша Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты

Польша Тәуелсіздік күніне орай Силезия технологиялық университетінің (Politechnika Śląska) ректоры, профессор Марек Павельчик (Marek Pawełczyk) студенттерді жеке құттықтап, оларға мерекелік дастарқан ұйымдастырды.
Ректордың студенттерге құттықтау сөзін арнап қана қоймай, әрқайсысына дәстүрлі поляк тоқашы мен ыстық шай ұсынуы ерекше жылы әсер қалдырды. Осындай қарапайым да шынайы ықылас университет қауымдастығының бірлігін нығайтып, қонақжайлық пен ұлттық дәстүрлерге құрмет атмосферасын қалыптастырады.
Кездесу барысында ректор академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жатқан шетелдік студенттерге де көңіл бөлді. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көлік-энергетика факультеті «Көлік инженериясы» кафедрасының студенті Адина Уйсунбаева да болды.
