
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» МВА бағдарламасы бойынша ашық сабақтар өткізіледі
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2023 жылдың қыркүйегінде МВА/ЕМВА «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» білім беру бағдарламасы жұмысын бастады, оның мақсаты тыңдаушыларда бизнесті басқару саласындағы көшбасшылық қасиеттерді, динамикалық тез өзгеретін орта жағдайында тиімді корпоративтік басқаруды ұйымдастыру құзыреттілігін, сондай-ақ кәсіби қызмет саласында іскерлік мансапты табысты ілгерілету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаның миссиясы коммуникациялық академиялық алаң құру, онда бизнесті табысты жүргізу үшін өзекті білім алынады, сала міндеттерін шешу мысалында оқыту жүргізіледі және алған білімдерін қызметте тиімді қолдану шарттарын қалыптастыру болып табылады. «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» бағдарламасы (МВА/EMBA) менеджменттің негізгі функционалдық салаларын (бизнес-зерттеу, стратегиялық менеджмент, стратегиялық маркетинг) қамтиды, сондай-ақ кәсіпорындардың жалпы менеджменті тұрғысынан жекелеген пәндердің жоғары интеграциясын қамтамасыз етеді. Бағдарламаның әрбір курсы бизнес стратегиясын қалыптастыру бойынша тақырыптарды, ұйымдардың кешенді мәселелерін шешуге бағытталған, проблемаларды талдау (оның ішінде сандық әдістермен), шешім қабылдау, топтық жұмыс, көшбасшылық, кәсіпкерлік, келіссөздер, коммуникациялар және презентациялар сияқты дағдыларды қалыптастыру арқылы тыңдаушылардың жеке дамуына ықпал ететін тапсырмаларды қамтиды.
Сабақтарды жетекші профессорлар мен практиктер жүргізеді: профессор Надим Халид (PhD докторы, Кембридж университеті, Ұлыбритания), доцент, т.ғ. к. Сұлтанбек Шоман (AlmaU бизнес-жаттықтырушысы), профессор Алмагүл Қанағатова (PhD докторы, Global Nomad Education негізін қалаушы).
Осы бағдарлама бойынша мейрамхана бизнесі кәсіпорындарынан бастап мектепке дейінгі білім беру саласынан бастап ұлттық компанияларға дейінгі әртүрлі қызмет салаларынан магистранттар білім алуда.
Мысалы, «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» ЕМВА бағдарламасының тыңдаушылары: мәслихат депутаты, кәсіпкер, «Медина» балабақшаларының құрылтайшысы Мадина Ажикенова; «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің күрделі құрылыс бойынша сарапшысы Әлімжан Жанбырбаев; Аман Кәдімбек, тасымалдау үдерісінің технологиялық жүйелері департаментінің бас менеджері, Ақжан Аяпбеков, тасымалдау үдерісінің технологиялық жүйелері департаментінің менеджері және Ирина Савушкина, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының тасымалдау үдерісінің технологиялық жүйелері департаментінің директоры; Оралдым Мажанаков, «QAZAQ FORUM» ЖШС-нің директоры; Олжас Таған, «Mumtaz» мейрамханасының әкімшісі; Салтанат Ескендірова, СММ менеджер және басқалар.
Сабақтар Rixos President Astana қонақ үйінде (залдардың бірінде «Туризм» кафедрасының филиалы орналасқан), сондай-ақ MTeams және Zoom платформаларында онлайн өткізіледі.
