
Физикалық және экономикалық география кафедрасының докторанттары педагогикалық практика есебін қорғады

2026 жылғы 13 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 8D05213 – География білім беру бағдарламасының докторанттары педагогикалық практика есебін қорғады. Қорғау сағат 10:00-де 333-аудиторияда өтті.
Академиялық күнтізбеге сәйкес докторанттар 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 7 қараша аралығында педагогикалық практикадан өтті.
Қорғау барысында докторанттар практика кезінде атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өткізген дәрістері мен практикалық сабақтарының мазмұнын таныстырды. Олар сабақ барысында қолданған оқыту әдістері мен технологияларына тоқталып, жинақтаған педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ докторанттар практика кезінде қалыптасқан кәсіби және әдістемелік дағдыларын талдап, оқытушылық қызметке қатысты тұжырымдарын ұсынды. Талқылау барысында олардың сабақ ұйымдастыру қабілеті, ғылыми-әдістемелік ізденістері және жоғары оқу орнында сабақ беруге дайындығы қаралды.
Педагогикалық практика докторанттардың теориялық білімін іс жүзінде қолдануына, оқыту әдістемесін меңгеруіне және кәсіби-педагогикалық дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндік берді.
Қорғау соңында докторанттардың атқарған жұмыстары мен педагогикалық практика қорытындылары талқыланды.
