
«Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының магистранттары педагогикалық практика бойынша есептерін қорғады

2026 жылғы 28 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика және туризм жоғары мектебінде ғылыми-педагогикалық бағыттағы «7М04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранттарының педагогикалық практика нәтижелерін қорытындылау іс-шарасы өтті.
Ғылыми-педагогикалық бағытта білім алатын 22 магистрант педагогикалық практика барысында атқарған жұмыстары бойынша есептерін комиссия алдында қорғады. Білім алушылар практика нәтижелерін таныстырып, жинақтаған педагогикалық тәжірибелері жөнінде баяндады және комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Экономика және туризм жоғары мектебінің 2026 жылғы 12 қазандағы №179 өкіміне сәйкес есептерді қабылдау жөніндегі комиссияның келесі құрамы бекітілді.
Комиссия төрайымы:
Баржаксина Сауле Бакытовна – «Мемлекеттік аудит» кафедрасының меңгерушісі, PhD.
Комиссия мүшелері:
Алибекова Балшекер Ашикбаевна – профессор, экономика ғылымдарының кандидаты;
Тажикенова Сапия Каргабаевна – қауымдастырылған профессор, экономика ғылымдарының кандидаты;
Тусибаева Гульмира Сергеевна – қауымдастырылған профессор, PhD.
Есептерді қорғау барысында магистранттардың педагогикалық практика бағдарламасын орындау деңгейі, есептік материалдарының мазмұны және кәсіби-педагогикалық құзыреттерінің қалыптасуы қарастырылды. Комиссия мүшелері білім алушылардың жұмыстарына баға беріп, олардың алдағы кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметіне қатысты ұсынымдар білдірді.
Педагогикалық практика магистранттардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына, оқыту әдістемесін меңгеруіне, академиялық ортада жұмыс істеу дағдыларын дамытуына және болашақ кәсіби қызметке даярлығын арттыруына мүмкіндік береді.
Өткізілген әрбір іс-шара туралы ақпарат университеттің ресми сайтында жарияланған.
