
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

2026 жылдың 13 қарашасында Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің Жиынын өткізді. Қазақстан Республикасының Президенті жемқорлыққа қарсы күрестің күшейтілетіндігін мәлімдеді.Кеңесте сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын-алуға қатысты Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасына, Бас Прокурорға, Премьер-министріне тиісті тапсырмалар берілді. Осы орайда Хабар 24 теларнасында «Түйін» бағдарламасы өткізілді. Тікелей эфирге қатысқан конституциялық және азаматтық құқық кафедрасынының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы әдіс-тәсілдер, елдегі квазимемлекеттік сектордағы қаржының тиімсіз жұмсалуы, мемлекеттік қызметтегі жаңа этикалық кодекстің нормалары туралы ойларымен бөлісті. Сұқбат барысында қоғамдағы рухани құлдырау, ысырапшылдыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақ әдет-ғұрып құқығындағы «ұят болады, жаман болады, обал болады» құндылықтар арқылы қоғамға жат қылықтарды тоқтатуға болатындығына назар аударды.
https://24.kz/kz/telepoject/tuiyn/805953-eki-seneunik-ustaldy-tokaev-malimdeme-zasady-tujin
