
Ғылым жолындағы тағы бір маңызды қадам!

2026 жылғы 12–13 қараша күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған III Халықаралық жас ғалымдар конгресіне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институты «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), философия докторы (PhD) Сарқұлова Жадырасын Сейдуллақызы қатысты.
Конгресс аясында «Агробиоресурстар және экология» секциясында «Биокөмір мен компостты пайдалана отырып ластанған топырақтарды қалпына келтірудің инновациялық тәсілдері: Pennsylvania State University (АҚШ) зерттеулерінің тәжірибесі» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Баяндамада «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Pennsylvania State University университетінде жүргізілген ғылыми зерттеулер, биокөмір мен компосттың топырақтағы ауыр металдардың қозғалғыштығына әсері және ластанған топырақтарды қалпына келтірудің заманауи тәсілдері таныстырылды.
Конгресс барысында отандық ғалымдармен ғылыми тәжірибе алмасып, болашақ бірлескен зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Ғылыми іс-шараға қатысқаны және баяндама жасағаны үшін сертификат табысталды.
Халықаралық ғылыми тәжірибені Қазақстанда қолдану, топырақ экологиясы саласындағы зерттеулерді дамыту және ЕҰУ-дың ғылыми әлеуетін арттыру — басты мақсаттардың бірі.
