
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 7 қараша аралығында «Құрылыс» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары педагогикалық практикадан өтті

Педагогикалық практика аясында Аманжолова Шұғыла Ғалымжанқызы мен Конебаев Ерлан Уракбаевич «Құрылыстағы цифрлық жобалау» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Цифрлық шешімдерді қолдана отырып, құрылыс жобаларын басқару» пәні бойынша дәрістік және практикалық сабақтар, сондай-ақ «Ғимараттар мен имараттарды жобалау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне (В074-7329-25-01 тобы) кураторлық сағаттар өткізді.
Педагогикалық практиканың ғылыми жетекшілігі мен әдістемелік сүйемелдеуін «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы, PhD, доцент Алибекова Нургуль Толеубаевна жүзеге асырды.
2026 жылғы қыркүйек-қазан айлары аралығында докторанттар Аманжолова Шұғыла Ғалымжанқызы мен Конебаев Ерлан Уракбаевич Autodesk Navisworks бағдарламасының функционалдық мүмкіндіктері мен цифрлық модельдермен жұмыс істеу құралдарына арналған дәрістік және практикалық сабақтар өткізді.
Атап айтқанда, Аманжолова Шұғыла Ғалымжанқызы келесі тақырыптар бойынша сабақтар жүргізді:
2026 жылғы 23 қыркүйек (B074-7330-23-01, B074-7330-23-03 топтары) – «Қима құралдары» тақырыбында дәрістік сабақ;
2026 жылғы 23 қыркүйек (B074-7330-23-01 тобы) – «Қима құралдары» тақырыбында практикалық сабақ;
2026 жылғы 30 қыркүйек (B074-7330-23-01, B074-7330-23-03 топтары) – «Өлшеулер. Аннотациялау құралдарымен жұмыс. Модельдерді салыстыру» тақырыбында дәрістік сабақ;
2026 жылғы 5 қазан (B074-7330-23-03 тобы) – «Өлшеулер. Аннотациялау құралдарымен жұмыс. Модельдерді салыстыру» тақырыбында практикалық сабақ.
Ал Конебаев Ерлан Уракбаевич келесі тақырыптар бойынша дәрістік және практикалық сабақтар өткізді:
2026 жылғы 6 қазан (B074-7330-23-02 тобы) – «Элементтермен жұмыс істеу құралдары» тақырыбында дәрістік сабақ;
2026 жылғы 6 қазан (B074-7330-23-02 тобы) – «Элементтермен жұмыс істеу құралдары» тақырыбында практикалық сабақ;
2026 жылғы 7 қазан (B074-7330-23-01, B074-7330-23-02, B074-7330-23-03 топтары) – «Қиылыстарды іздеу функциясын басқару (Clash Detective)» тақырыбында дәрістік сабақ.
Сабақ барысында студенттердің пән бойынша білім деңгейін бағалауға, практикалық тапсырмаларды орындау дағдыларын дамытуға және цифрлық технологияларды кәсіби қызметте тиімді қолдану құзыреттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта оқу үдерісінде тақырыптық презентациялар, цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін көрсету, практикалық тапсырмалар орындау, сондай-ақ Kahoot және Quizlet білім беру платформалары мен басқа да цифрлық сервистерді пайдалану арқылы интерактивті викториналар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар педагогикалық практика аясында студенттермен тәрбие және кәсіби бағдар беру бағытында жұмыстар жүргізілді. 2026 жылғы 26 қыркүйекте студенттер BI Group құрылыс холдингінің корпоративтік оқу орталығы – Buildex Training Center-ге барып, құрылыс саласындағы кәсіби даярлық бағыттарымен, заманауи материалдармен, құрал-жабдықтармен және құрылыс технологияларымен танысты. Сондай-ақ оқу жылының басында ұйымдастыру мәселелеріне арналған кураторлық сағат және Қазақстан Республикасының Республика күніне орай «Қазақстан жастары – ел болашағы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Педагогикалық практика докторанттардың ғылыми-теориялық білімдерін оқыту тәжірибесімен ұштастыруға, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру, студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату, дәрістік және практикалық сабақтарды жүргізу, білімді бағалау әдістерін меңгеру сияқты кәсіби-педагогикалық құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
