
"Өсімдік жамылғысының вегетациялық көрсеткіштері және олардың жіктелуі "тақырыбы бойынша"Геодезия және картография" кафедрасының ашық дәрісі

2026 жылғы 6 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Геодезия және картография кафедрасында «Жерді қашықтықтан зондтау» пәні аясында «Өсімдік жамылғысының вегетациялық көрсеткіштері және олардың жіктелуі» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті кафедраның аға оқытушысы, PhD Унышева Н.К. өткізді. Дәріске ГК-41 тобының 4-курс студенттері қатысты.
Дәрісте вегетациялық индекстерді есептеудің физикалық негіздері қарастырылды. Хлорофилл қызыл диапазондағы сәулені жұтады, ал жапырақтың ішкі құрылымы жақын инфрақызыл диапазондағы шағылуды күшейтеді. Осы екі спектрлік арнадағы шағылу айырмасы нормаланған айырмалық вегетациялық индексті (NDVI) есептеуге негіз болады. Sentinel-2 деректері үшін B8 және B4, ал Landsat 8/9 деректері үшін B5 және B4 арналары қолданылатыны түсіндірілді.
Вегетациялық индекстерді зерттеу міндетіне қарай таңдауға ерекше назар аударылды. Дәрістің практикалық бөлімінде екі егістіктің шартты спектрлік деректері бойынша NDVI мәндерін есептеу және салыстыру тапсырмасы берілді. Төмен NDVI мәнін түсіндіру кезінде спутниктік кескінді, өсімдіктің даму кезеңін және далалық бақылау деректерін бірге қарастыру қажеттігі талқыланды. Сондай-ақ ArcMap бағдарламасында NDVI растрын есептеу, индекстің кеңістіктік таралуын картада көрсету және тақырыптық кескіндерді экспорттау кезеңдері қарастырылды.
Дәріске қатысқан ПОҚ:
Алтай А.
Бабкенова Л.Т.
Мұратова А. М.
Доненбаева Н.С.
Құттықадамов М.Е.
Кафедра меңгерушісі - Тұрсынбаев Н.А.
