
ЕҰУ-дың жас зерттеушілері шағатай тілін үйренуді жалғастыруда

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ортағасырлық тарих саласындағы жас мамандарды даярлау жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – шағатай тілін оқыту. Өйткені шағатай тілін меңгеру зерттеушілерге түпнұсқа тарихи деректермен және ортағасырлық жазба мұралармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
2025-26 оқу жылының басында университеттің Директорлар Кеңесі мен Басқарманың шешімімен «Еуразия тарихы және мәдениетін зерттеу» Орталығының атауы «Ортағасырлық Деректану» ғылыми-зерттеу Орталығы болып өзгертілді. Бұл өзгеріс тарих факультетінде ортағасырлар дәуірі бойынша тарихшы-мамандардың жетіспеушілігіне байланысты болды. Осы кемшілікті болдырмау мақсатында арнайы құрылған ғылыми Орталық арқылы ортағасырлар дәуірі бойынша тарихшы-мамандар даярлау алға қойылған болатын. Биыл «Алтын Орда өркениеті» кафедрасының жаңадан ашылуы да Отандық тарихтың ортағасырлар кезеңі бойынша маман - кадрларды өз университетімізде дайындап шығаруға серпін беретіні анық.
Өткен оқу жылы «Ортағасырлық Деректану» ғылыми-зерттеу Орталығы тарих факультетіндегі жас ғалымдар үшін ортағасырлық тарихи деректерді оқып, зерттеуге мүмкіндік жасау мақсатында шағатай тілін үйрету курсын ұйымдастырған болатын. Нәтижесінде тарих факультетінің 5 тарихшысы докторанты шағатай тілінің 44 сағаттық алғашқы курсын аяқтап, аталған тіл бойынша оқу шеберлігін меңгергендігі туралы сертификатқа ие болған еді.
Енді биылғы 2026-2027 оқу жылы шағатай тілін жас тарихшыларға үйрету курсы жалғастырылатынын Орталықтың директоры, ҰҒА құрметті академигі Сатай Сыздықов мәлім етті.
Биылғы оқу жылы 12 магистранттар мен докторанттар шағатай тілін үйренуге ықылас білдірді. Жас ғалымдарға университет тарапынан жеңілдік жасалып, бұл қурс тегін оқытылады.
