
ЕҰУ-де докторанттарға арналған ғылыми жарияланымдарды дайындау бойынша семинар өтті
ЕҰУ жаңалықтары
17.11.2026 15

2026 жылғы 17 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бірінші курс докторанттарына арналған «Ғылыми жарияланымдардың әдіснамасы мен тәжірибесі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарды оқытушы-зерттеуші Ж.О. Өзгелдинова жүргізді.
Іс-шара жас зерттеушілердің академиялық құзыреттіліктерін дамытуға және халықаралық рецензияланатын басылымдарға ғылыми мақалалар дайындауда тәжірибелік қолдау көрсетуге бағытталды. Кездесу соңында қатысушылар жариялау стратегиясы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, рейтингтік журналдарға қолжазбаларды тапсыру кезінде туындайтын негізгі мәселелерді талқылады.
Бөлісу:
