
Педагогикалық шеберлік мектебі аясында әдістемелік семинар өткізілді

2026 жылғы 19 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасында Педагогикалық шеберлік мектебі (ПШМ) аясында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарды ПШМ тәлімгері, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қусаинов Майдан Комекович «Өндірісте автор түсірген графикалық планшет пен бейнеклиптерді техникалық ақпаратты жеткізу үшін пайдалану тәжірибесі» тақырыбында жүргізді.
Іс-шараны ұйымдастырушы – PhD, кафедраның аға оқытушысы Байменова Гүлназ Рахимқызы.
Семинар барысында қатысушыларға графикалық планшеттер мен бейнематериалдарды оқу үдерісінде қолданудың тиімді тәсілдері, күрделі техникалық және технологиялық ақпаратты көрнекі түрде жеткізу әдістері таныстырылды. Сонымен қатар, профессор Қусаинов Майдан Көменұлы өндірістік тәжірибесіне сүйене отырып, студенттер мен әріптестерге арналған оқу материалдарын түсінікті әрі тиімді ұсынудың практикалық жолдарымен бөлісті.
Іс-шараға кафедраның студенттері, магистранттары, докторанттары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Семинар заманауи оқыту әдістерін жетілдіруге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және өндірістік тәжірибені білім беру үдерісіне тиімді енгізуге бағытталды.
