
Докторанттар педагогикалық практика қорытындысы бойынша есептерін қорғады

2026 жылғы 1 қыркүйек пен 7 қараша аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің «8D03102 – Халықаралық қатынастар» және «8D03107 – Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент» білім беру бағдарламаларының екінші курс докторанттары педагогикалық практикадан сәтті өтті. 2026 жылғы 9 қарашада педагогикалық практика бойынша есептерді қорғауы өткізілді.
Қорғау барысында докторанттар атқарылған жұмыстар туралы есептерін ұсынып, білім беру үдерісінде оқытудың интерактивті әдістері мен заманауи цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Практика кезеңінде игерілген білім, білік пен кәсіби дағдыларға, сондай-ақ алдағы кәсіби даму перспективаларына ерекше назар аударылды.
Қорғау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері мен практика жетекшілері докторанттардың педагогикалық қызметке дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың кәсіби құзыреттерін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берді. Докторанттардың педагогикалық практика бағдарламасын толық көлемде орындағаны, теориялық білімдерін практикалық қызметте табысты қолданғаны және оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу бойынша құнды тәжірибе жинақтағаны атап өтілді.
