
РУСЛАН ЕРЖАНОВТЫҢ ТОПТАМАСЫНЫҢ НУМИЗМАТИКАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2026 жылғы 13 қарашада, Ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің И-22 және И-32 топ студенттері өздерінің кураторы Жазира Оралбекқызы Хасеновамен бірлесіп, нумизматикалық көрме ұйымдастырды.

Көрмеге И-32 топ студенті Руслан Ержановтың жеке коллекциясындағы монеталар мен банкноттар қойылды. Іс-шара Астана қаласы әкімдігіне қарасты № 5 гимназияда өтті.
Көрме нумизматиканың қызықты әлемін паш етуді және тәуелсіз мемлекеттің нышаны ретінде ұлттық валюта — теңгенің маңыздылығын айқындауды көздейді. Руслан «Қазақстан аумағындағы ақша қатынастарының эволюциясы» атты тақырыпта тарихи шолу жасады. Презентация соңында ол шағын байқау өткізіп, дұрыс жауап берген оқушыларға өзінің жеке коллекциясындағы монеталарды сыйға тартты.
Содан кейін, ұйымдастырушылар төрт үстелге тақырыптық түрде орналастырылған нумизматикалық топтаманы қарап шығу ұсынылды. Көрмеге еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі коллекциялық және инвестициялық монеталар, сондай-ақ патшалық Ресей дәуіріне жататын монеталар қойылған еді. Жоғары сынып оқушылары монеталар мен қағаз ақшаларды үлкен қызығушылықпен қарап шықты. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ақшасын көріп, мұғалімдер өз өмірлерінен есте қалған оқиғалармен жылылықпен бөлісті.

Көрме соңында оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру сабағы өткізілді. Онда тарих саласы, сондай-ақ тарих мамандығы иелерінің мүмкіндіктер мен болашақ перспективалар туралы айтылды. Оқушылар қойған сұрақтарына жауап алды. Кездесу жылы әрі сенімге толы жағдайда өтті.
Нумизматикалық көрмені өткізуге мүмкіндік бергені үшін гимназия әкімшілігі мен барлық ұстаздар ұжымына шын жүректен алғыс айтамыз.
