
Физика-техникалық ғылымдар институтында магнит өрісі тақырыбында ашық дәріс өтті

2026 жылғы 5 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық ғылымдар институтында «Физика» пәні бойынша «Магнит өрісі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Дәрісті PhD, жалпы және теориялық физика кафедрасының профессоры Алтайбаева Азиза Биболовна оқыды.
«6B05107-Биология» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне арналған сабақ № 3 оқу ғимаратының 122-аудиториясында өтті. Магнит өрісін оқып-үйрену болашақ биологтарға табиғи үдерістердің физикалық заңдылықтарын және зерттеу жабдықтарының жұмыс істеу қағидаларын түсінуге көмектеседі.
Азиза Алтайбаева-оқытушылық, ғылыми және оқу-әдістемелік қызметтегі жетістіктері үшін берілетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2025» атағының иегері. 2021 жылы ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ашық сабақтар өткізу педагогикалық тәжірибе алмасуға және студенттерді даярлауда пәнаралық тәсілді дамытуға ықпал етеді.
