
Химия және шығармашылық ЕНУдағы: Серік Амина және оның жұлдыздарға жолы







Химия - барлық материялардың ілеспелі өзгерістерімен бірге қасиеттері мен түрленуін зерттейтін ғылым. Химия жас таланттарды жан-жақты дамытуға ынталандыруға мүмкіндік беретін бірден-бір ғылым.
Осылайша, 6В05301 «Қолданбалы химия» мамандығының 2 курс студенті Серік Әмина университетіміздің сахнасында өз өнерін көрсетті. Біздің барлық студенттерімізге жақсы үлгі көрсетіп, «Мamma Mia!» мюзиклінде жеке дебют жасау арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін ашып, сонымен қатар оқудағы ыждағаттылық, жоғары оқу үлгеріміне қол жеткізді.
Серік Әмина: «Менің студенттік өмірім оқиғаға толы әрі қызықты өтіп жатыр. Мен ЕҰУ-де «E-STUDIO» вокалдық тобының жетекшісімін, жаратылыстану факультеті «ҚХМ-23» тобының старостасымын. Оқуда жақсы нәтижеге жету, оқуды шығармашылықпен ұштастыру көп күш-жігерді, еңбекті, уақыт пен күш-қуатты қажет етеді. Бірақ менің бойымда шығармашылық қабілет бала кезімнен болғандықтан, мен тек бүкіл процестен ләззат аламын. «Мamma Mia!» мюзиклінде маған басты рөлді сомдау бақыты бұйырды. Аталған мюзикл мен әлемге әйгілі «ABBA» тобының әндері алғаш рет қазақ тілінде орындалды, біз оны өзіміз аудардық.
