
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – азаматтық жауапкершіліктің негізі
2026 жылғы 20 қарашада «Саясаттану» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері үшін (кураторы – Нечаева Е.Л.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған кураторлық сағат онлайн форматта өткізілді. Спикер ретінде Саясаттану кафедрасының екінші курс докторанты Досмадьяров Р. сөз сөйледі.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдары, оның алдын алудың негізгі тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдағы мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және жастардың рөлі қарастырылды. Құқықтық сауаттылықты, академиялық адалдықты, азаматтық жауапкершілікті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кураторлық сағат студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы білімдерін кеңейтуге, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға және болашақ саясаттанушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
