
ЕҰУ QS Stars жүйесі бойынша ең жоғары бағаға ие болды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
20.11.2026 11

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS Stars халықаралық университеттерді бағалау жүйесі бойынша ең жоғары көрсеткішке – 5 жұлдызға (5 Stars) ие болды.
Салтанатты марапаттау рәсімі Астанада өткен QS Eurasia Forum 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды. Марапатты ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовқа QS компаниясының президенті әрі негізін қалаушысы Нунцио Куакуарелли табыстады.
Бес жұлдыздың берілуі университет қызметінің QS Stars критерийлері бойынша жоғары бағаланғанын көрсетеді.
Айта кетейік, QS World University Rankings 2027 халықаралық рейтингінің соңғы нәтижесі бойынша Еуразия ұлттық университеті әлемде 338-орынға ие болды.
Бөлісу:
