
Ресей Федерациясының мемлекеттік архивіне ғылыми іссапар

2025 жылғы 9–21 қараша аралығында «AP26102721 «1918-1920 жылдардағы саяси өзгерістер контекстіндегі халықтың өмір сүру деңгейін талдау: Шығыс Қазақстан мысалында» зерттеу бағдарламасы аясында Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттік архивіне ғылыми іссапар ұйымдастырылды. Ғылыми іссапарға жобаның жетекшісі, Саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.С. Абдрахманова қатысты. Жоба аясында Ресей Федерациясының Мемлекеттік архивінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тақырыпқа қатысты тарихи маңызы бар архивтік құжаттар мен дереккөздер анықталып, ғылыми тұрғыдан сараланды. Жинақталған материалдар Қазақстандағы Азамат соғысы кезеңінің саяси, әскери және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін кешенді зерттеудің деректік негізін толықтырды.
