
ЕҰУ-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған пікірсайыс өтті

2026 жылғы 23 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған студенттік пікірсайыс өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2026 жылғы 12 қарашадағы №14-0/4896-вн хатына сәйкес ұйымдастырылды.
Пікірсайысқа кафедраның B052-5209-23-09, B052-5209-23-09-1 және B052-5209-23-09-3 топтарының білім алушылары қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың азаматтық ұстанымын нығайту, қоғамдық құндылықтарға құрметін арттыру және өзекті мәселелер жөнінде еркін пікір алмасуға жағдай жасау.
Пікірсайыс барысында студенттер қоғамдық жауапкершілік, азаматтық белсенділік, экологиялық мәдениет, ұлттық құндылықтар, еңбекқорлық және қоғамның тұрақты дамуы туралы ой бөлісті.
Қатысушылар таңдалған қарар аясында өз көзқарастарын ортаға салып, оны нақты дәлелдермен және мысалдармен қорғады. Сонымен бірге қарсы тараптың пікіріне жауап беріп, өз ұстанымдарын негіздеуге тырысты.
Пікірсайыс студенттердің сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу, дәлелді пікір айту және өзгенің көзқарасын құрметтеу дағдыларын дамытуға арналды.
Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл кездесу жастардың ел болашағына қатысты ойларын ортаға салып, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық құндылықтар туралы пікір алмасуына арналды.
