
ЕҰУ волейболшылары – республикалық турнирдің қола жүлдегерлері!

ЕҰУ қыздар құрамасы Тараз қаласында өткен «DULATY UNIVERSITY КУБОГЫ» республикалық студенттік волейбол турнирінде III орын иеленді.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде спортшыларымыз Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің базасында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің жеті жоғары оқу орнының әйелдер құрамалары қатысты.
Білім жоғары мектебінің студенттері де ЕҰУ құрамасында университет намысын абыроймен қорғап, команданың жеңісіне өз үлестерін қосты.
ЕҰУ волейболшы қыздары мен жаттықтырушылар құрамын қола жүлдемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа спорттық жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
