
«Спортшыдан ғалымға дейін: спорт пен ғылымдағы менің жолым» атты студенттік семинар өтті

2026 жылғы 23 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» спорт кешенінде «Спортшыдан ғалымға дейін: спорт пен ғылымдағы менің жолым» тақырыбында студенттерге арналған семинар өтті.
Іс-шараны университеттің Білім беру жоғары мектебі мен Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты – спорт пен ғылымның өзара байланысын көрсету, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың кәсіби тәжірибесімен таныстыру.
Семинардың құрметті қонақтары ретінде:
Жумадилханов Аскар Анесович – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;
Мырзаев Мелекше Османович – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;
Жалел Али – PhD докторы қатысты.
Кездесу барысында спикерлер өздерінің спорттық және ғылыми қызметтегі кәсіби қалыптасу жолдары, жетістіктері, ғылыми ізденістері мен тәжірибелері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар кәсіби дамудың маңыздылығы, ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми мақалалар жариялау және спорт пен ғылымды қатар алып жүру мәселелеріне тоқталды.
Семинардың маңызды бөлігінің бірі студенттермен өткен ашық сұрақ-жауап алаңы болды. Студенттер қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби және ғылыми қызметке қатысты пайдалы кеңестер алды.
Іс-шара студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандардың дамуына мотивация беруге бағытталған маңызды кездесу болды.
Семинарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты оқытушылар – Базарбаева Клара Қонарқызы мен Усина Жанар Амангелдіқызы.
Ұйымдастырушылар шақырылған спикерлерге мазмұнды баяндамалары, тәжірибелерімен бөліскені және студенттермен ашық пікір алмасқаны үшін алғыс білдіреді.
