
ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

2026 жылғы 17–20 қараша аралығында Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) «Өркениеттің тұрақты дамуы жолында: ынтымақтастық, ғылым, білім және технологиялар» атты V Халықаралық ғылыми конференция өтті.
Конференция аясында «ШЫҰ+ елдерінің 17 Тұрақты даму мақсатына жету жолы: кешенді тәсіл» тақырыбы талқыланды.
Аталған ғылыми іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сейтқан Айнұр Сейтқанқызы қатысып, «Экологиялық мониторингтен қалалық ортаны тұрақты басқаруға дейін: ШЫҰ+ елдерінде 11-Тұрақты даму мақсатына қол жеткізудің тұжырымдамалық тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада қалалық ортаның экологиялық мониторингі, тұрақты қала дамуы және 11-Тұрақты даму мақсатына қол жеткізудің ғылыми-тәжірибелік тәсілдері қарастырылды.
