
«Баскетбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді

2026 жылғы 19 қарашада сағат 12:10-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде Сәулет-құрылыс факультетінің 2-курс студенттеріне (B074-7330-25-01, B074-7330-25-02, B074-7330-25-03 топтары) «Дене шынықтыру» пәнінен «Баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Сабақты оқытушы Бірліхан Е. жүргізді.
Сабақ болашақ мамандардың дене дайындығын арттыруға, баскетбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерін меңгеруге және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістері мен практикалық жаттығулар тиімді қолданылды. Атап айтқанда, допты алып жүру, допты беру және қабылдау, допты себетке лақтыру, қозғалыс үстінде допты меңгеру, ойыншының алаңда дұрыс орналасуы, сондай-ақ шабуыл мен қорғаныс кезіндегі техникалық әрекеттерді орындау әдістері қамтылды.
Практикалық бөлімде студенттер жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындап, баскетбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерін жетілдірді. Сонымен қатар студенттер арасында оқу-жаттығу ойыны ұйымдастырылып, олар меңгерген техникалық дағдыларын ойын барысында көрсетті. Ойын кезінде допты тиімді пайдалану, дәл пас беру, себетке лақтыру дәлдігі, жылдамдық, ептілік және командалық өзара әрекеттесу қабілеттеріне ерекше назар аударылды.
Сабақ барысында студенттердің қозғалыс үйлесімділігін, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін және ойын кезіндегі техникалық шеберлігін дамытуға басымдық берілді. Жаттығулардың орындалу сапасы бақыланып, жіберілген қателіктерге талдау жасалды.
Ашық практикалық сабақ студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, баскетбол ойынының техникалық ерекшеліктерін терең меңгеруге және спорттық шеберліктерін арттыруға мүмкіндік берді.
Сабақ қорытындысында студенттер баскетбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап, өздерінің дене дайындығы мен командалық ойын дағдыларын көрсетті. Ашық сабақ дене шынықтыру сабақтарында практикалық оқыту әдістерін тиімді қолданудың маңыздылығын көрсетті.
