
Саясаттану кафедрасындағы кураторлық сағат: «Зорлық-зомбылықтың әлеуметтік тетіктері: билік, қысым және үнсіздік»
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
24.11.2026 5

2026 жылғы 24 қарашада В040-3106-26-04 тобының кураторы Алия Турсынбек «Зорлық-зомбылық, билік және үнсіздік» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кездесу барысында студенттер бейресми иерархияның, топтық қысымның және жауапкершіліктің бөлінуінің зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс ретінде қабылдауға қалай әсер ететінін талқылады. Куәгер әсеріне, конформизмге, ер азаматтарға қатысты деструктивті түсініктерге және моральдық жауапкершіліктен алшақтау механизмдеріне ерекше назар аударылды. Студенттер психологиялық қысым мен қатыгездікті ақтау әрекеттерін анықтау жолдарымен танысып, қауіпсіз араласу және көмекке жүгіну тәсілдерін қарастырды.
Бөлісу:
