
Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасында English Drama Club студенттік клубының әдеби кеші өтті

2026 жылғы 19 қарашада Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасында English Drama Club студенттік клубының ұйымдастыруымен ағылшын тіліндегі әдеби кеш өтті. Іс-шара кафедра студенттерін, оқытушыларын және қонақтарын біріктіріп, ағылшын әдебиеті, театр өнері мен шығармашылық өзін-өзі танытудың жарқын мерекесіне айналды.
Әдеби кештің негізгі мақсаты – театрландырылған қойылымдар арқылы студенттерді ағылшын тіліндегі әдеби шығармалармен таныстыру, сондай-ақ білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, әртістік қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту. Іс-шараға қатысушылар әдеби шығармаларды тек оқып, талдап қана қоймай, сахнада жандандырып, кейіпкерлердің мінез-құлқын, шығарманың атмосферасы мен авторлық идеяның негізгі мазмұнын жеткізуге болатынын көрсетті.
Кеш бағдарламасында белгілі әдеби шығармалардың желісі бойынша дайындалған театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Студенттер The School for Scandal (В018-1721-24-12 тобы), Chapelwaite (В018-1721-24-03 тобы), Sense and Sensibility (В018-1721-24-10 және В018-1721-24-15 топтары), A Midsummer Night’s Dream (В018-1721-24-06 тобы), Dead Poets Society (В018-1721-24-07 және В018-1721-24-11 топтары) және A Christmas Carol (В018-1721-24-05 тобы) шығармалары бойынша қойылымдар көрсетті.
Әрбір қойылым әдеби материалды өзіндік тұрғыдан түсіндіруімен, қатысушылардың актерлік шеберлігімен және шығармашылық орындауымен ерекшеленді. Көрермендер әдеби интригалар, құпиялар, романтикалық сезімдер, сиқырлы оқиғалар мен шабыттандыратын хикаялар әлеміне саяхат жасады. Қойылымдарға дайындық студенттерден ағылшын тілін жақсы меңгеруді ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істей білуді, кейіпкерлердің эмоциялық болмысын жеткізуді және сахнада өзін еркін ұстауды талап етті.
Қойылымдарды құрамында Жүсіп Айханум, Аманжол Айшолпан, Әлмахамбет Нұрай және Қожабаева Айдана болған қазылар алқасы бағалады. Олар өткен оқу жылында да әдеби кештің белсенді қатысушылары әрі ұйымдастырушылары болған еді.
Барлық қойылымдар аяқталғаннан кейін қазылар алқасының мүшелері ұсынылған жұмыстарды талқылап, байқау қорытындысын шығарды. Марапаттау рәсімі барысында кафедра меңгерушісі Бейсембаева Ж.А. мен арнайы шақырылған қонақ Dr. Noran Hamada қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз арнады.
Өткізілген әдеби кеш студенттерге тілдік білімдерін көрсетуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және ағылшын әдебиеті туындыларына жаңаша көзқараспен қарауға тамаша мүмкіндік берді. Студенттік клубтың жетекшісі, PhD докторы Тәжібаева А.А. нағыз әдебиет сыншысы ретінде студенттердің қойылымдарына талдау жасап, оларға кәсіби кері байланыс ұсынды.
Анықтама: Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасында бакалавриат студенттері арасындағы белсенді жастар жетекшілік ететін және қатысатын 4 студенттік клуб жұмыс істейді.
