
Координаттық жүйелерден өрістер физикасына: Физика-техникалық ғылымдар институтындағы ашық дәріс

2026 жылғы 10 қарашада Физика-техникалық ғылымдар институтында «Қисықсызықты координаттардағы градиент, дивергенция және ротор» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық дәрісті «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының оқытушысы Турсунбаев Нурбек Турганбекович өткізді.
Ашық сабақ 6B05305 «Ядролық физика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған «Векторлық және тензорлық талдау негіздері» пәні аясында өтті. Дәріс № 3 оқу ғимаратының 406-аудиториясында ұйымдастырылды. Ашық сабақ барысында студенттер қисықсызықты координат жүйелерінде жұмыс істеу кезінде векторлық талдаудың негізгі дифференциалдық операторларының математикалық аппараты мен физикалық мағынасын талдады -бұл дағдылар болашақ ядролық физика мамандарына өрістерді, тасымалдау процестерін және күрделі физикалық жүйелерді модельдеу кезінде қажет.
Ашық дәріске сабақты талқылауға және әдістемелік бағалауға қатысқан оқытушылар келді: Баратова Алия Амирхановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Сайлаубек Дінмұхаммед – ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының оқытушысы, Шайхова Гаухар Нурлыбековна – PhD, жалпы және теориялық физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Турсунбаев Нурбек Турганбекович ғылыми және педагогикалық қызметті қатар алып жүреді. Ол кванттық механика, атом және ядролық физика, сондай-ақ ядролық астрофизика бойынша курстар оқиды. Оның зерттеу бағыттарының бірі – жеңіл ядролардың өзара әрекеттесуі. 2019 жылы Турсунбаев Нурбек Турганбекович Гилфорд қаласында (Ұлыбритания) өткен Көп дене жүйелері физикасы жөніндегі XXIV Еуропалық конференцияда протонның дейтронмен соқтығысуы кезінде дибариондық резонанстың қоздырылуы туралы баяндама жасады.
