
Халықаралық байқауда студентіміз І орын иеленді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультеті, 6В04202 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының студенті, Ауғанстан азаматы Ахмадзай Абдулрахман «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды.
Аталған халықаралық байқау Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің дарынды, білімді және белсенді студенттерін анықтауға, олардың академиялық жетістіктерін насихаттауға және халықаралық білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Байқау қорытындысы бойынша Ахмадзай Абдулрахман І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік – студенттің білімге деген ұмтылысы мен табанды еңбегінің нәтижесі, сондай-ақ университетіміздегі халықаралық білім беру ортасының және көпұлтты академиялық қауымдастықтың әлеуетін көрсететін маңызды жетістік.
Студентімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда және болашақ кәсіби қызметінде толағай табыстар тілейміз!
