
Халықаралық байқауда студенттеріміз жүлделі 1-орынға ие болды
#ENUscience
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
25.11.2026 3

2026 жылғы 21 қарашада Астана қаласында өткен «Азияның үздік студенті» халықаралық байқауында 6В04202 – «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Шаханова Анель, Кенжебек Әдемі және Молдаш Шұғыла жүлделі I орынға ие болды.
Бұл жетістік – студенттеріміздің білімге деген ұмтылысының, жоғары кәсіби даярлығының және табандылығының нәтижесі.
Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!
Бөлісу:
