
Қытайдың дәстүрлі шай рәсімі өткізілді

2026 жылғы 19 қараша күні сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің №5 оқу корпусы, УЛК ғимаратының 316-аудиториясында қытайдың дәстүрлі шай рәсімі өткізілді.
Іс-шараға қытай филологиясы мамандығының 1-курс студенттері және академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласынан ЕҰУ-ға білім алуға келген қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенттері қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – қытай халқының шай ішу мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру, сондай-ақ студенттер арасында мәдени және тәжірибелік алмасуды дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар қытай шай рәсімінің ерекшеліктерімен танысып, дәстүрлі шай дайындау және ұсыну мәдениеті туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар студенттер өзара тәжірибе алмасып, қытайдың дәстүрлі шайының дәмін татып көрді.
Кездесу студенттер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, Қытай мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.
