
Қоянды ауылының №3 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді

Қытай филологиясы кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысына дауапты аға оқытушы Шаріпхан Мерейдің ұйымдастыруымен Қоянды ауылының №3 мектеп-лицейіне барып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі Карипхан Асыл мектеп оқушыларына қытай тілінің маңызы, қазіргі қоғамдағы сұранысы, Қытай елімен халықаралық байланыстардың дамуы және қытай филологиясы мамандығының мүмкіндіктері туралы түсінліру жұмысын жаспды.
Аға оқытушы Шаріпхан Мерей оқушыларға қытай тілін меңгерудің артықшылықтарын, болашақта осы мамандық бойынша білім алудың және кәсіби дамудың перспективаларын түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық туралы жан-жақты мәлімет алды.
Қоянды ауылының №3 мектеп-лицейінің директоры Шамуратова Рысжан Шерниязқызы мен оқу ісі жөніндегі директордың орыньасары Щоя Манатқызының атқарып жүрген жұмыстары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің кәсіби біліктілігіңіз, жауапкершіліктеріңіз еңбекқорлықтарыңыз және әр іске деген жоғары жауапкершілікпен қарайтын қасиеттеріңіз ерекше құрметке лайық.
Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, қытай тіліне деген қызығушылығын арттыру және болашақ талапкерлерді жоғары оқу орнына оқуға шақыру.
