
АШЫҚ САБАҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2026 жылғы 25 қарашада сағат 18:10-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратындағы 111-аудиторияда «6B042 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» пәнінен №13 дәріс бойынша «Алимент төлеу және өндіріп алу тәртібі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында алименттік міндеттемелердің тарихи-құқықтық негіздері, заңнамалық реттелуі, алимент мөлшерін есептеу, келісім жасау, сот арқылы өндіріп алу тәртібі және заңдық жауаптылық мәселелері қарастырылды.
Студенттер ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 138–176-баптары негізінде практикалық тапсырмалар орындап, нақты құқықтық кейстерді талдау арқылы теориялық білімдерін бекітті.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құқықтық құзыреттілігін арттыру, заңнаманы тәжірибеде қолдану және құқықтық жағдайларға негізделген шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
