
Саясаттанушы студенттер арасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны аясында кураторлық сағат өткізілді

Бүгін 25 қараша күні Халықаралық қатынастар факультеті, саясаттану кафедрасының В040-3106-24-01 тобында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық науқанға орай кураторлық сағат өткізілді. Онда топ кураторы Д.Е.Копежанова бұл науқанның мақсатымен таныстырды. Оның басты мақсаты - әйелдер мен қыздарға қатысты гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу, осы мәселе туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, адам құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті нығайту болып табылады, сондай-ақ зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз әрі тең құқықты қоғам қалыптастыруға ықпал ету. Топ студенті Мейірқұл Аяжан осы тақырыпты зерттей отырып, гендерлік саясат аясында осы 16 күндік науқанның өзіндік белгісі мен халықаралық деңгейде танылған рәмізімен таныстырып, презентация жасады. Атап өткендей, оның негізгі түсі — қызғылт сары. Бұл түс зорлық-зомбылықтан ада, жарқын әрі қауіпсіз болашақтың символы ретінде таңдалғаны туралы жан жақты айтып өтті. Науқанға қатысушылар әлемнің көптеген елінде қызғылт сары түсті киімдер киіп, түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырады.
Сондай-ақ осы науқанның негізгі стратегияларына сәйкес 3 курс топ студенттерін осы мәселе бойынша азаматтарды ақпараттандырып, гендерлік зорлық-зомбылық туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, адвокация — әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға бағытталған шешімдер мен бастамаларды дамыту, алдын алу — зорлық-зомбылыққа әкелетін себептер мен жағдайларды азайту, зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету — олардың қажеттіліктері мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою туралы кейстер талданды, студенттер өз ойларымен бөлісті.
Келесі кезекте олар қиылысатын теңсіздіктерді ескеру— жыныс, мүгедектік, жас, әлеуметтік жағдай және басқа да факторлардың адамның зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупіне әсерін назарда ұстау, толеранттылық мәселелері туралы сөз қозғап, өмңрден алынған мысалдар келтірілді.
Кураторлық сағат барысында біз бүгінгі гендерлік зорлық-зомбылық туралы ашық әңгімелер жүргізу керектігін түсіндік, әлеуметтік желілерде ақпарат таратып, халықаралық науқандарға қатысу, әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың қызметін қолдау көрсетіп, мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды және азаматтарды бірлескен іс-қимылға шақыру, қоғамда өзара құрмет, теңдік және зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру арқылы үлес қоса аламыз деп қорытындыладық.
«Зорлық-зомбылықсыз қоғам —қауіпсіз болашақтың негізі!»
